Шымкентте "Кеңседен шықпай-ақ, донор болу" акциясы өтті

0
1 189

Мемлекеттік қызметкерлерден 15 литрге жуық қан алынды.


Шымкентте

Бүгін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалында "Кеңседен шықпай-ақ, донор болу" қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нақтырақ айтсақ, аталған филиал кеңсесіне Қан қызметінің көшпелі бригадасы келіп, корпорация қызметкерлеріні жұмыс процесіне кедергі келтірмей қан тапсырды. Тиісінше, игі іске ұжымдағы басшыдан бастап, фронт-офистің 30 қызметкерлері қатысып, олардан 15 литрге жуық қан алынды.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгін жиналған қан бұл деңгейдегі акция үшін айтарлықтай нәтиже. Енді осы жұмыстардың арқасында жиналған қажет ті қан халі ауыр науқастар менонкологиялық ауруларды емдеуге бағытталатын болады.

"Жұмысымыздың қатаң тәртібіне қарамастан, донорлық акцияны кеңсемізде ұйымдастыра алғанымызға өте қуаныштымын. Алғаш рет қан тапсырып отырғаным жоқ. Мұны науқасқа көмек көрсету тұрғысынан да, донордың өзі үшін де өте маңызды іс деп санаймын. Қан тапсырғысы келетін әріптестеріміз көп, мені бұл таң қалдырмайды. Өйткені, біздің ортақ құндылықтарымыз бар. Ал өзгелерге көмек көрсетіп, қол ұшын созу тек қана біріктіреді. Біз осындай акцияларды өткізуді міндетті түрде жалғастырамыз. Себебі, тек қан беру ғана емес, үнемі қан тапсырып отыру да маңызды", - деді филиал директоры Данабек Исабеков.