Шымкентте халықаралық талаптарға сай конгресс-холл салынып жатыр

0
467

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов конгресс-холл құрылыс жұмысатырының барысын аралап көрді.


Шымкентте халықаралық талаптарға сай конгресс-холл салынып жатыр

Шымкентте халықаралық талаптарға сай келетін конгресс-холл салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Шымкентке жасаған сапарында аталған нысан құрылысын мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырған болатын. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов конгресс-холл құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.
Қала әкімі сала мамандарымен бірге бұл нысанның құрылыс қарқынын бірнеше рет тексеріп, оң бағасын берген-ді. Мұндағы құрылыс жұмыстары қызу, бекітілген кестеге сай атқарылуда.
Шаһар басшысы үшінші мегаполисте мәдениет ошақтарының санын арттыра отырып, олардың құрылысы әлемдік тәжірибеге сай жүргізілуі керектігін атап өтті.
Шымкент сити аумағында орналасқан конгресс-холл ғимараты 3 қабатты, 5 блоктан тұрады. Онда 2066 орындық көрермен залы, 190 орындық конференц зал, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық баспасөз орталығы, 148 орындық асхана қарастырылған. Сонымен қатар 40-қа жуық көлік сиятын жер асты тұрағы болады.
Іргетасы былтыр қаланған нысан республикалық маңызы бар қоғамдық іс-шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізумен қатар, оқушылар сарайы ретінде барлық қызметті көрсету мүмкіншілігіне ие болмақ.