Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастады

0
1 651

Компьютері жоқ азаматтар үшін ХҚО ғимаратынан тыс өздігінен қызмет алуға арналған 315 egov.kz бұрышы ашылды.


Шымкентте халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастады

Шымкентте ХҚО-ның жұмысы қайта басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша 1 маусымнан бастап Шымкент қаласының барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын қайта бастады.

Алайда вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты Шымкент қаласының тұрғындары ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз «қағаз жүзіндегі» қызметтерді және egov.kz порталында рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.

ХҚО-ға бару үшін кезек уақытын 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz порталындағы арнайы сервис және egovkzbot2.0 телеграм-боты арқылы алдына ала брондау қажет болады.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтің 80%- дан астамын egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы онлайн форматта алуға болады. Жеке және заңды тұлғаларға ЭЦҚ беру бойынша қызмет онлайн форматқа қолжетімді.
Компьютері жоқ азаматтар үшін ХҚО ғимаратынан тыс өздігінен қызмет алуға арналған 315 egov.kz бұрышы ашылды. Олар мемлекеттік органдар мен оқу орындары алаңдарынан мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Енді тұрғындар қаладағы 315 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан да ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
Естеріңізге сала кетейік, мүмкіндігі шектеулі азамтаттар (1-2 топ) 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, ХҚО қызметкерін үйге шақыра алады.
Айта кетейік, 11 мамырдан бастап Шымкентте заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшін бірден бірнеше ХҚО іске қосылған болатын. Сонымен қатар, автокөлік иелері үшін де мамандандырылған ХҚО өз жұмысын бастаған.