Шымкентте көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр

0
822

Гүлдер мен ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.


Шымкентте көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаланың гүлденуін күзгі салқын түскенге дейін сақтап тұру үшін Әл-Фараби ауданында гүлдер мен ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстарына жауапты мекеме жасыл желек отырғызудан бөлек, оны қырқу, арамшөптерден тазалау, түбін қопсыту, суару жұмыстарын атқаруда.
Ауданның келбетіне айналған гүлдерді егу күз мезгілінде қайта жалғасын табады. Сондай-ақ ағаш көшеттері мен шым егу жұмыстары да қараша айына жоспарланып отыр.