Шымкентте көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 200-ден астам жүргізуші анықталды

0
963

Темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 2539 тұлғаға хаттама толтырды.


Шымкентте көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 200-ден астам  жүргізуші анықталды

Шымкент қаласында «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 204 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент ҚПД ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 19-шілдесінен бастап «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған іс шараның мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Осы орайда, Шымкент қаласы бойынша іс-шараның 17 күнінде 15333 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 350 автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 162, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 42, техникалық байқаудан өтпеген – 385, темір тұлпар тізгінінде ұялы телефон пайдаланған – 2539 тұлғаға хаттама толтырды. Жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1882, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 259, қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 28, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен – 210, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 186, авариялық жағдай туындатқан – 37, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған – 57, көлік құралын мас күйде басқарған – 31, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 204 жүргізуші анықталды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолағынан емес, кез келген жерден жолды кесіп өтпек болып, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін дегендер саны да аз емес. 1373 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған. Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 8233 хаттама толтырылды.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістен өтуі керектігі түсіндірілді.