Шымкентте көпбалалы аналарға «Батыр ана» мәртебесі берілді

0
1 857

Батыр аналардың алқалары мен куәліктерін шымкенттік әкім табыстады.


Шымкентте көпбалалы аналарға «Батыр ана» мәртебесі берілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі ҚР Президентінің 2019 жылғы 27 шілдедегі №80 Жарлығына сәйкес ҚР Президентінің атынан көпбалалы аналарға «Батыр ана» куәліктерін табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданының әкімі жеті бала тәрбиелеп өсірген 4 анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген 14 анаға «Күміс алқа» төсбелгісін тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы – баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі — ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деп Ғабит Патшаханұлы тілегін білдірді.

Айта кетейік, жалпы Әл-Фараби ауданы бойынша 4900 көп балалы ана бар, олардың 351-і «Алтын алқа» және 1300-і «Күміс алқа» иегерлері.