Ғимараттың аумағы 22 мың шаршы метрге жуықтайды.
Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма кешендері көбейеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде сауда-логистикалық орталығында "НМИ - ЮГ" көп функционалды қойма кешені салынуда. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге алаңда болып, құрылыс барысын тексерді.
Айта кетейік, бұған дейін «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасының құрылысы жүріп жатқандығы туралы хабарланған болатын. Құны 5 миллиард теңге тұратын жобаның құрылысы биыл басталып, қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде.
Бірінші, 12 мың шаршы метрді алып жатқан тауарды құрғақ сақтау бөлімі, екінші 8 мың шаршы метрлік мұздатқыш бөлігі, үшінші қосымша тауар сақтайтын бөлік. Қойма жылына 240 000 тонна жүк қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, 80 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласында азық-түлік, көкөніс және тағы басқа тұрмыстық тауар өнімдерін сақтайтын ірі Сауда логистикалық орталығы 228 гектар аумақты алып жатыр. Қазір мұнда үш жоба жүзеге асырылған, яғни «Continental logistics Shymkent», «Kazakhstan Logistic group», «Зерде» компанияларының тұтынушылық өнімдерін сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр.