Шымкентте көпқабатты алты тұрғын үй газсыз қалды

0
818

Құрылыс компанияларының біріне тиесілі жүк тиегіш орташа қысымды жер асты газ құбырын зақымдаған.


Шымкентте көпқабатты алты тұрғын үй газсыз қалды

Шымкент қаласы Тұлпар шағынауданында жер асты газ құбыры жарылып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған төтенше жағдай 29 желтоқсанда Тұлпар шағынауданында орын алған, ал жағдай туралы сол үйлердің бірінің тұрғыны хабарлап, газдың жоқтығына шағым жасаған.

Қоңырау түскен мекенжайға келіп жеткен апаттық бригада тексеру кезінде, жер асты коммуникацияларының иелерінің келісімінсіз жер жұмыстарын жүргізу кезінде ірі құрылыс компанияларының біріне тиесілі жүк тиегіштің орташа қысымды жер асты газ құбырын зақымдағанын анықтады. Салдарынан газ құбырының толық бұзылуы орын алған.

Сондай-ақ, апаттық топ газдың ауаға кетуін жағдайын ауыздықтап, апат салдарынан газбен жабдықтау жүйесінен 4 ұжымдық ШРП бірлігі, 6 ірі панельді үй (немесе 372 пәтер) ажыратылды.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тұрғын-үй шаруашылық балансындағы газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстары бірнеше сағат ішінде аяқталады.