​Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

0
454

Қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 74 тұлға орналастырылды.


​Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзғандар жауапқа тартылды

ERNUR.KZ. Шымкентте 11 наурыздан "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында полицейлер базарларда, тұрғын алаптарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Бұдан бөлек, көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап, тексеруде.


Аталған бағыттағы жедел-алдын алу жұмыстары барысында көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 111 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді заңсыз тұрғынжаймен қамтамасыз еткен 41 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 11 жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды.
Қабылдап-тарату орнына жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 74 тұлға орналастырылды.

Көрсетілген бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Осы орайда, полицейлер азаматтарды көші-қон саласындағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады және оны бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.