​Шымкентте ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті

0
1 193

"Атазаңым-Айбыным" атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.


​Шымкентте ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтті

Шымкент қаласындағы Түркістан сарайында ҚР Конституция күніне арналған "Атазаңым-Айбыным" атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қала әкімі Ерлан Айтаханов, қалалық Nur otan партисының мүшелері, мәслихат депутаттары мен қала тұрғындары қатысқан мерекелік жиын барысында қоғамдағы саяси тұрақтылықты, татулық пен бірлікті қамтамасыз етуде табыс биігінен көрінген бірқатар азаматтар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, айбыны асқақ Ата заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген концертте қазақы нақыштағы билер орындалып, патриоттық әндер шырқалды.