Шымкентте қыздарға арналған жиын өтті

0
847

Жиында қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан зорлық-зомбылық фактілері сөз болды.


Шымкентте қыздарға арналған жиын өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында «Қыз тағдыры - ел тағдыры» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы, олардың өмірін қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Кездесуге Шымкент қалалық әйелдер кеңесі төрайымы Баян Айтбекқызы, Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Гульвира Тулепбергенқызы, «Ана үйі» қоғамдық қоры-ресурстық орталығының үйлестірушісі Қалдар Жұмабайқызы, Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы Гульсина Рахимбайқызы, PhD докторы, гештальт-терапевт, тәжірибелі психолог Салтанат Сайлауқызы және қала жастары қатысты.
Сонымен қатар, жиында қазіргі таңда елімізде орын алып жатқан зорлық-зомбылық фактілері сөз етіліп, заң аясында қандай әкімшілік көздері қаралғандығы жөнінде айтылды.