Шымкентте «Мал ұрысы» іс-шарасы өтуде

0
2 892

Шымкентте «Мал ұрысы» іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары мал ұрлығына байланысты қылмыстың ізін суытпай ашты.


Шымкентте «Мал ұрысы» іс-шарасы өтуде

Шымкентте мамыр айының 14-16 күндері мал ұрлығының жедел алдын-алу мақсатында "Мал ұрысы" атты іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте «Мал ұрысы» іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары мал ұрлығына байланысты қылмыстың ізін суытпай ашты. «Мал ұрысы» кең ауқымды іс-шарасы осы салада жасалатын қылмыстардың бетін ашу мен осы бағыттағы жұмыстарды барынша жетілдіру және ұрланған малды жөнелтетін арнайы арналарды анықтау мақсатында жүргізілуде.

Шымкентте «Мал ұрысы» жедел алдын-алу шарасы жүргізілуде. Шараға криминалды полиция, учаскелік полиция, патрульдік қызмет бөлімшелерінің қызметкерлері тартылды. Республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарға қосымша мобильді топ орналастырылды. Олар тәулік бойына мал және мал етін тасымалдаушылардың құжаттарын тексереді. Шараның алғашқы күні полицейлер шағын базарлар, ет комбинаты және шұжық цехтарын тексерді.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың 13 мамыр күні арызданып келген қала тұрғынын ірі қара малын «Мал ұрысы» іс-шарасы барысында «ізін суытпай» тауып берді.