Шымкентте «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық шарасы өтті

0
5 822

Игі іс-шара «Көрме орталығының» ұйымдастыруымен өтті.


Шымкентте «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық шарасы өтті

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» «Мейірімділік жүректен» атты қайырымдылық шарасы ұйымдатырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қайырымдылықты дәріптейтін жиында өмірдің түрлі ауыртпалығын көріп, тағдырдың тауқыметіне мойымаған жандарға қаладағы ірі кәсіпорындардың демеушілігімен әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың дерегінше аталған «Көрме орталығында» бүгінге дейін 40 тан астам қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, жан жылуын аңсайтын жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп келген.

«Бүгінгі іс-шара жыл бойы атқырылған жұмыстың қорытындысы. Жыл бойы жоспар бойынша 32 іс-шара бекітілген болса, қаурыт жағдайға байланысты қайырымдылық жасауға үгіттейтін жиындарды қосқанда 40-тан астам іс-шара ұйымдастырып, шаһардағы ірі кәсіпорын иелерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасадық. Нәтижесінде көмекке зәру отбасылар мен өмірдің қиын жағдайына тап болған азаматтар демеушілер тарапынан қолдау тапты», - дейді «Көрме орталығының» директоры Зухра Әмзеқызы Қарабекова.