Шымкентте мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды

0
785

Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады.


Шымкентте мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды

Шымкент қаласының Қаратау ауданында мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған бәсеке ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында, мектеп мұғалімдері арасында достықты дәріптеу, бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Парманов сайыстың ашылу рәсімінде командаларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызына тоқталды. Жеңімпаз командалар, ойыншылар арнайы жүлделермен марапатталады.

Жалпы сайысқа Қаратау ауданында 14 мектептің командасы бақ сынайды. А.Пармановтың айтуынша, келесі апта бұдан басқа мектептер арасында да турнир өткізіліп, ауданның үздіктері анықталмақ.

Мұғалімдер арасындағы алғашқы турнирдің жеңімпаздар мен жүлдегерлері бүгін анықталады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесіне аса назар аударды. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің бастамысымен, жалпы орта білім беру мекемелері арасында «Шымкент жастар лигасы» басталған болатын. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған шарада 6 мыңға жуық спортшы, яғни 138 мектептен 514 команда қатысып, футбол, баскетбол, волейбол, шахматтан бақ сынамақ. ІІІ маусымның ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан, қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, жүлде демеушісі “Энергоорталық-3” АҚ бизнес-серіктесі Ш. Нуртаева мен корпорация менеджері Ш.Нысамбекова, сондай-ақ қоғам белсенділері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Еске сала кетейік, былтырғы додада Шахмат бойынша 4 ауданнан 130 команда, 520 оқушы қатысып,

Өмірбек Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;

Баскедболдан 122 команда, жалпы 1464 оқушы бақ сынасып, М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп – гимназиясы;

Ал волейболдан 129 команда арасында Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;

Футболдан 133 құрама команда ішінде Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы І-орындарды иеленген болатын.