Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады.
фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкентте мектеп оқушылары көрші сыныптастарын аямай соққыға жыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әлеуметтік желіде оқушылар арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл оқиға 27-мамырда қалалық көп қабатты үйдің ауласында болғанын анықтады.
“Төбелеске қатысушылардың барлығы көрші сыныптарда оқитын бір мектептің оқушылары. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданатын болады”, - делінген баспасөз хабарламасында.