Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

0
544

236 балаға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.


Шымкентте «Мектепке жол» акциясы жалғасып жатыр

Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясындағы «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде «30 игі іс» қайырымдылық марафоны айдарымен өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларын қолдап, нақты көмек көрсету.
“Низамхан” орта мектебінде өткен шараға Шымкен қаласы «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Шымкент қаласы, Сайрам ауданының құрметті азаматы, «Низамхан» мектебінің құрылтайшысы Низамхан Сулайманұлы мен мектеп директоры Корбан Юлия Сергеевна қатысты.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлының демеушілігімен 236 балаға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды.