Шымкентте мектептер жылыту маусымына дайын

0
1 404

Білім басқармасы БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді. ​


Шымкентте мектептер жылыту маусымына дайын

Шымкентте білім беру ордаларының жылу жүйелері толықтай дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық коммуникациялық орталығында Білім басқармасы білім саласындағы атқарылған және жоспарлаған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне арнайы өткізген брифингте мәлім болды.

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы жаңа оқу жылының жұмыс барысы және білім саласындағы бірқатар жұмыстарды баяндады.

Оның айтуынша, бүгінде Шымкенттің білім беру мекемелері жылыту маусымына толықтай дайын. Қазіргі таңда жылу жүйлерін қысымдау жұмыстары 100%-ға аяқталып отыр. Бүгінде 17 білім беру мекемесі қатты отынмен қамтамасыз етілсе, 3 білім ордасы сұйық отынмен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, Айгүл Қалыбайқызының келтірген мәліметінше, бүгінгі таңда 2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 701 білім беру мекемелері бар. Оның 158-і мектеп, 501-і балабақша, 29-ы колледж, 9-ы қосымша білім беру мекемелері болса, 4-і арнайы мекемелер болып табылады. Аталған білім ұясында бүгінде 305696-ы балалар өз білімдерін алуда.

«Биыл білім саласына қаламыздың бюджет қорынан өте көп қаржы бөлінеді. Нақтырай айтатын болсақ 77 987 821 мың теңге білім саласына, ұстаздардың жалақысына, білім мекемелерін күтіп баптауға, сондай-ақ оқушылардың оқу құралдарына бөлініп отырады», - деді Білім басқармасының басшысы Айгүл Текебаева.

Сондай-ақ, брифинг барасында білім беру ұйымдарындағы педагогтар саны 25 341 мыңға жетіп отырғандығы белгілі болды. Сонымен қатар, мектептердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінде оқушылар таза да жарық сыныптарда білім алып отырғандығын жеткізді.