Шымкентте мереке күндері жедел жәрдемге мыңнан астам қоңырау келіп түскен

0
2 107

-Жаңа жылда пиротехникалық заттардан зардап шеккендер дерегі тіркелген жоқ.


 Шымкентте мереке күндері жедел жәрдемге мыңнан астам қоңырау келіп түскен

Шымкентте мереке күндері жедел жәрдем станцияларында 100 бригада кезекшілікке түсті. Демалыс күндері 103 нөміріне тәулігіне орта есеппен 1200-1300 қоңырау түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

- Жаңа жылда пиротехникалық заттардан зардап шеккендер дерегі тіркелген жоқ. Алайда әлемді жайлаған індетке байланысты босаңсуға болмайды, - дейді мамандар.
Медицина мамандары әлемді жайлаған індетке байланысты босаңсуға болмайтынын ескертеді. Вирустық инфекциядан сақтану жолдарын қатаң ұстауға кеңес береді. Сол себепті жақындарыңызды дерттен қорғау үшін бетперде тағып, әрқашан қоғамдық арақашықтықты сақтап жүрген абзал.