Діни дәрістерге қатысып жүрген қыз-келіншектердің іс тігумен айналысуына мүмкіндік береді
ERNUR.KZ. «Ummet» қайырымдылық қорының президенті Мұхаммед-Амин Құрманәлі БАӘ Елшілігімен бірлесе отырып Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітіне тігін машиналарын сыйға тартты, деп жазады kazislam.kz.
Бұл алдағы уақытта тігін бөлмесі мешітке келіп, діни дәрістерге қатысып жүрген қыз-келіншектердің іс тігумен айналысуына мүмкіндік береді деген сөз. Жоспар бойынша тігін сынып бөлмесінен арнайы мамандар шағыртылып, тігін курсын ашу көзделіп отыр.