Шымкентте мониторинг жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
551

Кезекті рейдтік іс-шара барысында бірқатар кәсіпкерлік нысандар карантин талабын бұзғаны анықталды.


Шымкентте мониторинг жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкентте карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау мақсатында Қаратау ауданы бойынша мобильдік топ демалыс күндері мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезекті рейдтік іс-шара барысында бірқатар кәсіпкерлік нысандар карантин талабын бұзғаны анықталды. Оның ішінде, Сайрам тұрғын алабында, Нұрсәт, Нұртас шағынауданында сауда нысандары жұмыс істеп тұрған. Талаптарды сақтамаған барлық нысан басшыларынан түсініктемелер алынып, шара көру мақсатында тиісті мекемелерге жолданды.
Сондай-ақ, мониторинг жұмыстары барысында жеткізу қызметі бойынша жұмыс жүргізіп жатқан нысандарға карантин талаптарын сақтау, антисептик қолдану шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар аудан аумағында өз жалғасын табатын болады.