​Шымкентте мотобәйгеге 10 жастағы бала қатысты (видео)

0
1 101

Мотобәйгенің бұл жылғы ерекшелігі, жол барынша күрделендіріліп, үміткерлер саны да артты.


​Шымкентте мотобәйгеге 10 жастағы бала қатысты (видео)

Шымкентте қиындықтан сескенбейтіндерге арналған мотобәйге жарысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ TVK сайтына сілтеме жасап.

Мотобәйгенің бұл жылғы ерекшелігі, жол барынша күрделендіріліп, үміткерлер саны да артты. Ауқымы жыл сайын кеңейген жарысқа бұл жолы 10 жасар бала да қатысты. 10 жастағы Никита Савинов КТМ 65 мотоциклімен өнер көрсетті. Ол бұрын дәл осындай 10 жаттығуға қатысыпты.

Ұйымдастырушылар жол трассасының күрделі көрінісін ұсынды. Қилы жолды бағындыруға қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де бағын сынап көрді. Олардың барлығы Орталық Азия елдерінен. Шымкентте өткен мотокросқа 18 адам қатысты.

Алматылық Руслан Шымкентке қолдан жасалған мопедті әкелді. Руслан мопедті 1 жыл бойы қолдан жасаған. Мопед күрделі трассада бақ сынамаса да құрылғысымен көпшілікті баурады. Себебі оның әр бөлшегі қолдан құрастырылған, басқа балама үлгісі жоқ. Дискісі балқытылып, дәнекерленген. Орындығы 30 қабатты шыныдан тұрады, сырты бұғы терісімен қапталған.

Жарыс айналымы әуесқой, кәсіпқой, ардагер және балалар болып 4-кем бөлінді.