Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының қаржысын ұрлаған директор ұсталды

0
557

Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді.


Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының қаржысын ұрлаған директор ұсталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ҚМА Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті "Қамқор" жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР Қылмыстық-процесстік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Қаржылық мониторинг агенттігі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтау бойынша тұрақты жұмысын жалғастыратын болады.