Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған

0
476

№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 225 мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.


Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалған

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова басқармаға қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жалпы орталықта көмекке мұқтаж, жасы 18-ден асқан, I - II топтағы психоневрологиялық аурулары бар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 8 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда орталықта 225 мүмкіндігі шектеулі азаматқа көмек көрсетілуде.
- Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету қоғамның ортақ міндеті. Жақын арада орталық көпфункционалды кереуеттермен, арнайы құралдармен және мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау мақсатында арнайы автокөлікпен қамтылды, - деді басқарма басшысы.
Орталықта қызмет алушыларға барлық жағдай жасалынған. Мұнда 3 медициналық бекет, 100 адамға шақталған асхана, 2 тренажерлық зал, қызмет алушыларға ыңғайлы пандус пен лифт бар.