Шымкентте «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасына қатысты жиналыс өтті

0
1 097

Бағдарлама аясында тұрғындар үйлерін банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет.


Шымкентте «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасына қатысты жиналыс өтті
Бүгін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында «Отбасы банк» АҚ-ның және «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігінің қатысумен «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасына қатысты жиналыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ
Бүгінде Асар шағын ауданында 975 тұрғын үй «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналар. Аталған үйлер 2010-2012 жылдар аралығында Өзбекстан елінен келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Бағдарлама аясында тұрғындар үйлерін банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлер бойынша 150 азамат шарттың талаптарын орындаған.
Алдағы уақытта бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ ШҚФ, Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, тиісті жұмыстарды жүргізуді қолға алмақ.