Шымкентте өгей қызына қатыгездікпен қараған ата-анаға сот үкімі шықты

0
355

Соттың шешімі баланы ата-анасымен қалдыру, оның мінез-құлқы бала үшін қауіпті екендігіне негізделген.


Шымкентте өгей қызына қатыгездікпен қараған ата-анаға сот үкімі шықты

Шымкентте Сот ата-ана құқықтарын шектеу және алимент өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Шымкент қаласы Білім басқармасы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жауапкер Г.О.-ның ата-ана құқықтарын шектеу және алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Іс бойынша жауапкер В.О. кәмелетке толмаған 2009 жылы 17 желтоқсанында туылған Д.О.-ның анасы бола тұра, күйеуі О.Б.-ға өзінің қызына қатысты заңсыз зорлық-зомбылық жасауға жол бергені және өзінің өгей қызына қатыгездікпен қарап, оған физикалық күш көрсеткені анықталған.

Соттың шешімі баланы ата-анасымен қалдыру, оның мінез-құлқы бала үшін қауіпті екендігіне негізделген. Егер бала ата-анасымен қалдырылатын болса, оның өміріне немесе денсаулығына қауіпті салдары болуы мүмкін. Баланың құқықтары мен мүдделері ескеріле отырып, қорғалады.

Бірінші сатыдағы сотта талап арыз қанағаттандырылған.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.