Турнирдің қалалық кезеңіне 52 топ жолдама алды.
Жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты республикалық дебат турнирінің қалалық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Дебатты №89 IT мектеп-лицейі «Шымкент қаласының Дарын орталығы» ұйымдастырды.
Турнирдің қалалық кезеңіне 52 топ жолдама алды. Оның 34-і қазақ, 12-сі орыс, 6-ы ағылшын лигасына өтті. Жалпы 40-қа жуық оқушы дебатқа қатысып, өздерінің білімдерін шыңдады.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар республикалық дебаттық турнирге жолдама алды.
Карантин талаптарына сай санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, турнирдің қалалық кезеңі оффлайн форматта өтті.