Шымкентте оқушыны автобус қағып кетті

0
1 032

Жаяу жүргінші алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.


Шымкентте оқушыны автобус қағып кетті

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“23 сәуір күні сағат 12:30 шамасында жолаушылар автобусының жүргізушісі Бейбітшілік көшесінде жолдың жүру бөлігін кесіп өтіп жатқан кәмелет жасқа толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді”, - делінген баспасөз хабарламасында

Сараптамалар тағайындалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.