Шымкентте "Өрт қауіпсіздігі айлығы" өтіп жатыр

0
632

Мобильді топ Абай ауданы Тельман бөлімшесіндегі жеке тұрғын секторларын аралады.


Шымкентте

Шымкент қаласында халықтың улы газ бен өртке қарсы мәдениетті тұрақтандыру мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кезекті профилактикалық іс-шараға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің басшысы, полковник Мадияр Жақсыбаев қатысып, тұрғындарға үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Мобильді топ Абай ауданы Тельман бөлімшесіндегі жеке тұрғын секторларын аралады.
Департамент басшысы тұрғындарға жылыту құралдар мен жабдықтарды алдын ала дайындау керектігін еске салды. Әсіресе газ құрылғыларға назар аударып, дұрыс орнатылмаса, қайғылы жағдайға әкелетінін жеткізді.
Мобильді топтың құрамында болған газ шаруашылығының мамандары арнайы аспаптарымен тұрғын үйдегі газ жабдықтарында газдың шығуын тексерді.

Осы рейд барысында мамандар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 3 отбасыға газдабылқаққыш орнатты. Айта кетсек, жыл басынан бері Абай ауданында мұндай құрылғы 22 отбасыға көмек ретінде орнатылған.