Бірлескен рейд Қызылжар шағын ауданында Махмудов көшесінде өткізілді.
Шымкент қаласы Абай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық рейд өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірлескен рейд Қызылжар шағын ауданында Махмудов көшесінде өткізілді. Оған мамандандырылған жасақтың қызметкерлері мен «Жас Отан» жастар қанатының еріктілері қатысты.
Рейд барысында шағын аудан тұрғындарына жылыту маусымы қарсаңында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жеткізілді. Өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзекті жадынамалар таратылды.