Шымкентте өртенген 45 көліктің құнын кім төлейтіні белгілі болды

0
1 506

Жалын шарпыған аумақ 270 шаршы метрді құрап, жанындағы жиhаз цехының шатырының 24 шаршы метрін жалмаған.


Шымкентте өртенген 45 көліктің құнын кім төлейтіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Шымкентте өртеніп кеткен 45 көліктің құнын қалалық айыппұл тұрағы әкімшілігі төлейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жанған көліктердің 35-і жоюға арналған және 10 көлікке айыппұл салынған. Жол ережелерін бұзған жүргізушілерге тиесілі 10 көліктің алтауы 3 жылдан аса мерзімде тұрған. Оларды иелері іздеп келмеген. Қалған төрт көлік жуырда ғана тұраққа қойылған. Көліктердің шығынын біздің мекеме өтейтін болады», - деді айып тұрағының басшысы А.Әбдіқадыров.

Айта кетейік, оқиға 15 шілдеде түнгі сағат 1.14-те «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің айып тұрағында орын алған еді. Жалын шарпыған аумақ 270 шаршы метрді құрап, жанындағы жиhаз цехының шатырының 24 шаршы метрін жалмаған.

Қалалық ТЖБ қызметкерлерінің мәліметінше, алдымен «КамАЗ» автокөлігі өртенген. Кейін жалын жеңіл көліктерге тараған. Өрттің шығу себептері қосымша анықталатын болады.