Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.
Шымкент қалалық «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Отбасы – шағын Отаным» байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Байқауға түрлі этнос өкілдерінен құралған отбасылар қатысып, қазақтың ұлттық салт-санасы, отбасылық құндылықтары, ұрпақ тәрбиесі мәселелері бойынша ұтқыр да ұтымды ойларын жеткізді.
Қазылар алқасының ұйғарымымен:
Пак Тимур отбасы - І-дәрежелі дипломмен;
Турдиев Нижат отбасы - ІІ-дәрежелі дипломмен;
Дробязко Юлия отбасы – ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталып, үздіктер қатарынан көрінді.
Барлық қатысушыларға «Қазақтану» жобасын іске асыруға қосқан үлестері мен азаматтық белсенділіктері үшін Алғыс хаттар табысталды.