Шымкентте отшашу заттарын сатуға рұқсаты жоқтарға қатаң шара қолданылады

0
1 033

Жаңа жыл мерекесі кезіндегі қауіпсіздік қатаң бақылауда болады.


Шымкентте отшашу заттарын сатуға рұқсаты жоқтарға қатаң шара қолданылады

Шымкент қаласында жаңа жыл мерекесі барысындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баспасөз брифингінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы Нұрболат Бекболатұлы баяндады.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде ірі сауда орталықтары мен қала тұрғындарының арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесін өткізетін қаладағы 567 орын және Президент шыршасын өткізетін 1 орынға өрт қауіпсіздігі жағдайына қарап-шығу жұмыстарын жүргізіп, кезекшіліктер ұйымдастырылады.

Ал, екінші кезең бойынша кәсіпкерлермен пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу жұмыстары жүргізіліп, сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заңбұзушылықтар орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге айыппұл салуға әкімшілік іс қозғалып, пиротехникалық заттарды тәркілеуге алады.

Сондай-ақ, жиын барысында департамент бастығы мереке қарсаңында қызмет көрсеті күшейетінін де айтып өтті.

«Жаңа жыл меркесі кезінде, яғни 25 желтоқсан мен 5 қаңтар күндері аралығында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 24 сағат бойы күшейтілген тіртіппен жұмыс істейтін болады. Оған қоса, қауіпсіздік шараларын күшейту үшін мобильді топтар құрылады», - деді Нұрболат Бекболатұлы.