Шымкентте педофил көршісінің 7 жасар қызына арам пиғылын іске асырған

0
2 405

Бір перзентке зар боп жүрген азамат жұбайының жұмыста болғандығын пайдаланып өз үйінде азғындық жасаған.


Шымкентте педофил көршісінің 7 жасар қызына арам пиғылын іске асырған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте тағы да жасы кәмелетке толмаған балаларды зорлау оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Лесхоз аумағында тұратын 1962жылы туған ер адам 2-ші сынып оқушысы, 7 жасар бүлдіршін қызға азғындық әрекеттер жасаған. Жәбірленуші көршісінің қызы екен. Бүлдіршіннің әке-шешесі оқиға болған күні жұмыс орындарында болған көрінеді. Әжесінің қарауына қалдырылған қыз бала көшеге ойнап шығып кеткен. Ойын баласын өз үйіне ертіп әкелген 56 жастағы ер адам бүлдіршінге еркінен тыс арам пиғылын іске асырған.

Қазір күдікті қамауға алынған. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты тергеп-теуксерууақытында екі ай мерзімге күдіктіні қамауға алу туралы санкция берген. 7 жасар бүлдіршін қызға зорлық әрекеттерін жасады деп күдіктелген ер адамға ҚР ҚК нің 121 бабы, 4-ші бөлігімен, яғни жасы кәмелетке толмаған балаларға жыныстық сипаттағы азғындық әрекеттерін жасағаны үшін айып тағылуда.

Айта кетейік, күдікті бұрын сотты болмаған. Жанұялы, бірақ перзенттері жоқ көрінеді. Бір перзентке зар боп жүрген азамат жұбайының жұмыста болғандығын пайдаланып өз үйінде азғындық жасаған.

"Күдіктінің сөзінше, оқиға болған сәтте алкогольді ішімдік ішкен, яғни мас халде болған көрінеді. Ата-аналарға өз перзенттеріңізді қас қағым сәтке де көздеріңізден таса етпей, жіті бақылауда ұстауын өтінер едім", - дейді Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы Сержан Айнабеков.