Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

0
733

Нәрестенің туған кездегі бойы 63 сантиметр болған.


Шымкентте салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді
Шымкентте салмағы 6 келі 50 грамм бала дүниеге келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы қалалық перзентхананың акушер-гинеколог дәрігері Данияр Жарқынов мәлімдеді.
Дәрігердің сөзінше, алып сәби 2023 жылы 3 ақпанда қалалық перинаталдық орталықта туған. Туған кездегі бойы 63 сантиметр болған. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.
"Перинаталдық орталығымызда тәулігіне 30-35 сәби дүниеге келеді. Оның ішінде көптеген қызықтар болады. Атап айтсақ 3 ақпан күні кешкі кезекшілік барысында жәдел жәрдеммен 1981 жылы туған жүкті әйел түсті. Үшінші жүктілік екінші босану. Бірінші бала мен екінші баланың арасы 16 жыл. Тексере келе оның ішіндегі нәрестенің салмағы үлкен болуына байланысты консилум жасалды. Консилум барысында баланың салмағы 6 кг деп шештік. Сол үшін жедел түрде операцияға кірістік. Операция сәтті аяқталып, бойы 63 сантиметр, салмағы 6 кг 50 грамм дені сау ұл бала дүниеге келді. Содан кейін ана мен бала 5 күн біздің бақылауымызда болып, үйіне шығарылды", - дейді акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.

Дәрігерлердің айтуынша, анасы мен баласының денсаулық жағдайдары қалыпты.