Шымкентте сән апталығы өтті

0
2 344

Шымкенттің тарихында тұңғыш рет өткізілген "Kazakhstan Fashion week" сəн апталығына қолдау білдіргендер аз болған жоқ.


Шымкентте сән апталығы өтті

Шымкентте алғаш рет Қазақстанның сəн апталығы ұйымдастырылды. "Сұлумоделс" сəн агенттігі ұйымдастырған бұл шараға еліміздің ең таңдаулы 15 дизайнері жаңа топтамасын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Үздік, сəнді, сапалы киімді шымкенттік қыз-*келіншектер тек осы жерден тамашалап қана қоймай, қалтаға қонымды бағаға сатып алуға да мүмкіндіктері болды.

Дүниежүзіне қазақ сəн əлемін танытып жүрген Аида Кəуменова, Наиль Байчучуков, Алексей Джен, Дианара Сəтжан секілді тарландармен қатар жас сəнгерлер де өз туындыларын ұсынды. Үшінші мегаполис атанып, мəртебесі артқан қалаға мұндай мəдени іс шара аса қажет деп біледі "Сұлумоделс" сəн агенттігінің басшысы Ақжамал Əбілдаева.
"Қазақстан фэшн уик" ылғи Алматы қаласында өтетін. Біз сахнаның сыртында жүретін ек. Содан осындай идея туындады. Мегаполис атанған Шымкентте өткізу əбден жөн деп санадым. Астана, Алматы, Ақтөбе, сондай ақ Шымкенттің дизайнерлері шымқаланың талғампаз халқына өз топтамаларын ұсынып отыр." Бүрмелі көйлек, бедерлі бешпент, үкілі тақия сынды ұлттық нақыштар заманауи көйлектермен көркемделіп, үйлесіп тұрды. Талғамы жоғары, талабы биік сəнқойлардың көңіліндегіні дөп басар дүние көп көрсетілді.
Шымкенттің тарихында тұңғыш рет өткізілген "Kazakhstan Fashion week" сəн апталығына қолдау білдіргендер аз болған жоқ. "Сұлумоделс" сəн агенттігінің серіктестері бірлесіп, ынтымақтаса сəн мен əдемілік салтанат құрған шараны абыроймен атқарып шықты.
Ұйымдастырушылар Қазақстан сəн апталығын Шымкентте өткізуді дəстүрге айналдырмақ. "Сұлу моделс" сəн агенттігі осылайша жас дизайнерлерге қолдау көрсетпек ниетте.