Шымкентте шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен

0
568

Өндірілген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге құрады.


Шымкентте шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен

Шымкент қаласында өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7,7%-ға өскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың қорытындысы бойынша біршама көрсеткіштерде өсім байқалады: ШОБ субъектілерімен өндірген өнім көлемі – 1 097,5 млрд. теңге, өсім 103,2% құрады; жалпы өңірлік өнімдегі ШОБ үлесі – 41,3% жетті, 2020 жылы бұл көрсеткіш 34% құраған.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қаладағы бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі драйвері. Бағдарлама шеңберінде өткен жылы жалпы 2 525 жоба қолдау тапқан. Оның ішінде:
- сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша - 1 357 жоба;
- ішінара кепілдендіру бойынша - 1 126 жоба;
- жаңа бизнес идеяларға мемлекеттік гранттар беру бойынша 39 грант берілді;
- өндірістік инфрақұрылымды жеткізу бойынша - 3 жоба.
Мегаполисте шағын және орта бизнесті дамыту шаралары одан әрі жалғасатын болады.