Шымкентте шеру өтті

0
1 204

Шымкентте екі қабатты «Red bus»​ автобусымен мото-байкерлер қала орталығымен жүріп шықты.


Шымкентте шеру өтті

Шымкенттегі аутизм диагнозы қойылған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы шерумен басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Арда» қайырымдылық қоры ұйымдастырған іс-шараға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетті.

Шарада 30-ға жуық балғын екі қабаттан тұратын «Red bus» автобусына мініп, қаланың орталық көшелерімен серуендеді. Әл-Фараби алаңынан бастау алған шеру, Түркістан көшесі, Қонаев және Бәйдібек би даңғылдарының бойымен Наурыз алаңына дейін жүріп өткен. Аталған шеруді мото-байкерлер көші бастап шықты.


Балалар отырған «Red bus» автобусы Шымкент көшелерімен салтанатты сап түзіп, бейбіт күн белгісін паш етті. Акция «Панорама» мейрамханасында жалғасты. Онда аутизм диагнозы қойылған балғындар мен ата-аналары ақ көгершіндерді көкке ұшырып, концерттік бағдарламаны тамашалады.