Шымкентте таксист бойжеткенді соққыға жығып, зорлап кеткен

0
1 014

Күдікті белгісіз себептермен әлі ұсталмаған.


Шымкентте таксист бойжеткенді соққыға жығып, зорлап кеткен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте туған күнінен қайтқан бойжеткенді соққыға жығып, зорлап кеткен таксист ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, бұл туралы «НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Dina Tansari өзінің Facebook парақшасында жариялаған және күдіктінің әлі ұсталмағанын айтқан. Аталған ақпаратқа сүйенсек, Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде құрбыларымен бірге туған күнін атап өткен бойжеткен үйіне қайтар жолда таксиге отырып, кейін такси жүргізушісі оны соққыға жыққан және зорлаған.

Сондай-ақ, аталған қылмыстық оқиғаға байланысты Шымкент қаласының ІІД мәлімдеме жасады.

«Қылмыстық жайт 2019 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған», - делінген Шымкент қалалық ІІД-нің хабарламасында.