Шымкентте "TAMIR" балалар лигасы ашылды

0
2 258

9-14 жас аралығындағы футболшылар арасында мықтылар анықталды.


Шымкентте

"ШЫМҚАЛА ЛИГАСЫНЫҢ" 2020 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мараппатау рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылдан бастап "Шымқала лигасында" жас балалар арасында "Tamir" балалар лигасы ашылып,

9-14 жас аралығындағы футболшылар арасында мықтылар анықталды.

Сонымен қатар, 18+, 35+ және 40 жастан асқан әуесқойлар және ардагерлер арасындағы жеңімпаздар марапатталды.
Салауатты өмір салтын насихаттау және бүлдіршіндерді спортқа баулу мақсатында өткен іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов, ауыр атлетикадан 4-дүркін Әлем чемпионы Илья Ильин, футболдан 2019 жылдың Қазақстан бойынша үздік бапкері Фархадбек Ирисметов қатысты.