Биыл Әл-Фараби ауданы бойынша қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 44 техника мен 285 жұмысшы тартылмақ.
Шаhар басшысының тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев «Build stroi» ЖШС базасына барып, техникалардың қыс мезгіліне дайындығын пысықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аудан әкімі қыс айларында аяқжолдардағы қарлар уақытында күреліп, мұздан тазалануы, техника санының жеткілікті болуы және инертті заттардың қолданысқа дайын болуының маңыздылығына тоқталып өтті.
Қазіргі таңда қоймада мұз ерітетін 5 300 м3 инертті зат бар.