Сотталушылардың екеуінің жасы кәмелетке толмаған.
иллюстрациялық фото ашықдереккөзден
Шымкент қаласында үйлену тойында атысқандардың ісін тергеп тексеру аяқталды. Тойда тойып секірген үш жас жігіт қазіргі кезде қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сот алдында жауапқа тартылғандардың екеуі ағалы-інілі. Туған бауырларға кісі өлтіруге оқталу, бұзақылық, заңсыз қару алып жүру, билік өкіліне күш қолдану баптары бойынша айып тағылуда. Бұл туралы Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың судьясы Әбинұр Қарабаев хабарлайды. Айта кетейік, сотталушылардың екеуінің жасы кәмелетке толмаған. Сондықтан да сот жабық режимде өткізілмекші.
Өткен жылдың 15 қараша күні Шымкентте үйлену тойы үстінде жас жігіттер жанжалдасып қалған. Кикілжің соңы бірі біріне оқ атып, суық қару кезенумен аяқталған болатын. Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларынан қашпақ болғандар патрульді полицияның көлігімен бетпе бет келіп, қарсылық танытып, күш қолданбақ болады. Қашпақ болған күдіктілер құрықталады. Травматикалық қарудан оққа ұшқан да, пышақ жрақатын алғандар да дер кезінде ауруханаға жеткізіліп, емделіп шықты.