Мобильді топ бойынша 1000-ға жуық жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан шалғай жатқан шағын аудандардағы жастарға қолдау көрсететін топ құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің жанынан шалғай жатқан шағын аудандардағы жастарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында "Мобильді топ" құрылды.
Аталған топ талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, психологиялық көмек және аутрич, NEET жастармен жұмыс – негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Тоқтала кетсек, бұл топтың артықшылығы – шалғай орналасқан шағын аудандардағы жастар орталыққа келмей-ақ, өздеріне қажетті мәліметтер мен көмектерді толықтай ала алады, сондай-ақ, олармен түрлі деңгейдегі ашық сұхбат алаңдарын құру арқылы жастардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігі арта түспек. Бүгінгі күнге дейін мобильді топ бойынша 1000-ға жуық жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілген.