Шымкентте төтеншеліктер балаларды жүзуге үйрететін болады

0
1 305

Биыл Шымкент қаласы аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелмеген.


Шымкентте төтеншеліктер балаларды жүзуге үйрететін болады

Шымкент қаласының аумағында суға шомылу маусымында қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті арнайы брифинг ұйымдастырды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алдыңғы жылдары болған төтенше жағдайлардың мониторингіне сүйене отырып, Шымкент қаласының аумағында шомылу маусымы сәуір айынан басталып, қыркүйек айына дейін жалғасады. Бақыланбайтын орындарда шомылу, балық аулау кезінде судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамау, су айдындардың қасында ересектердің қарауынсыз балалардың болуы судағы жазатайым оқиғалардың себептері болып саналады. Осы мәліметтерді жеткізе отырып, полковник Ерғали Бахаев ағымдағы жылдың 4 айында қала аумағында судағы жазатайым оқиғалар тіркелмегендігін айтап өтті.

Жалпы қала бойынша 4 өзен, 4 су қоймасы, 5 тоған және 22 адамдар демалатын орындар (аквасаябақтар, саяжайлар және т.б.) бар. Су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында үгіт-насихат жұмыстары да белсенді түрде басталып кетті. Үгіт-насихат жұмыстарына ерікті студенттерді, жергілікті полиция қызметтері тартылуда. Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында суға шомылу маусымының соңына дейін қызмет атқарудың күшейтілген режиміне ауыстырылды.

Алдағы күндері жазғы сауықтыру, мектеп жанындағы лагерьлеріне арнайы шығып, сабақтар өткізіп, балаларды жүзуге үйрету жұмыстары қолға алынатын болады.