Шымкентте тозығы жеткен жылу құбырлары жөнделіп жатыр

0
872

Жылу жүйелерінің тозу деңгейі 38,2%-дан 37,3%-ға төмендеді.


Шымкентте тозығы жеткен жылу құбырлары жөнделіп жатыр

Шымкент қаласын жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы 3 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның 2 нысаны аяқталып, 1 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 38,2%-дан 37,3%-ға төмендеді.
2022-2025 жылдары жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету үшін қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл:
- 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру,
- 23,7 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу
- 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді.
2023 жылы - 32,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 3 сорғы стансасын және 3 дербес қазандықты қайта құру жұмыстары.
2024 жылы - 3,2 км жылу жүйелерін қайта құру, 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 1 қазандықты қайта құру жұмыстары.
2025 жылы - 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 30,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін қымтау (изоляция) және 2 дербес қазандықты қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған.