Тілсіз жау жеке тұрғын үйден шыққан.
Шымкент қаласы Қайтпас-2 мөлтек ауданында жеке тұрғын үйден өрт шыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қаласы Қайтпас-2 мөлтек ауданындағы Жерұйық көшесінде жеке тұрғын үйде өрт шыққан және оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды 26 минут ішінде толық сөндірген.
Сондай-ақ, үйдің төбе жаппасы мен жиһаздар жанғанымен, зардап шеккендер және қайтыс болғандар жоқ.
Айта кетейік, осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің мамандары үгіт-насихат жұмыстарын арттырып, жеке тұрғын үйде тұрмыстағы өрт қауіпсіздік, жылыту пешін және газ қондырғысын пайдалану кезіндегі ережелерді сақтау бойынша тұрғындардың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.