Шымкент — туристік маңызы өте зор қала. Шаһардың инфрақұрылымы дамыған. Әрі ол — Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі орталық.
Шымкент қаласында туризмді дамыту мақсатында отандық БАҚ өкілдері мен туристік операторларға арналған екі күндік туристтік-ақпараттық тур өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шараны «FlyArystan» әуе компаниясының қолдауымен Шымкент қаласының туризм басқармасы ұйымдастырды.
Тур барысында шаһардың басты көрнекті нысандары мен киелі, тарихи орындарына, ескі қалашық пен этноауылға экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, олар гастрономиялық және қыш өнері бойынша мастер класқа қатысты.
Шымкент — туристік маңызы өте зор қала. Шаһардың инфрақұрылымы дамыған. Әрі ол — Қырғызстан мен Өзбекстанды Қазақстанның басқа өңірлерімен байланыстыратын ірі орталық.
Қаланың 400 шақырым радиусында шамамен 25 миллион адам тұрады. Осы орайда, Шымкент өзінің бәсекелестік артықшылықтарын пайдалана отырып, бүкіл оңтүстік өңірінің туризмі үшін тірек орталыққа айнала алады.
Бүгінде қалалық туризм басқармасы аталған саланыодан әрі дамыту мақсатында бірқатар талдау жұмыстарын жүргізген. Сөйтіп оқиғалы туризм, тарихи-мінәжат ету туризмі, медициналық туризм және іскерлік туризм секілді басым бағыттарды айқындады.