Шымкентте волонтерлар бір-бірімен тәжірибе алмасты

0
836

Семинар-тренинг қатысушыларына ұйымдастырушылардың атынан арнайы сертификаттар табыс етілді.


Шымкентте волонтерлар бір-бірімен тәжірибе алмасты

Халықаралық жастар күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен волонтерларды оқытуға арналған семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинар-тренинг волонтерлар, жастардың бойында көшбасшылық, жауапкершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету, волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруды мақсат еткен.

Шымкент қаласының ASSA жастар жастар қоғамдық бірлестігі, "Ізгілікте жарысайық", "Харекет" қайырымдылық қоры, Меyirim.kz қайырымдылық электронды порталы, "Жігер" салауатты өмір салтын қолдау қоғамдық қоры, "Жасыл ел" еңбек жасақтары волонтерлік ұйымдары қатысып, тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында ұйым жетекшілері семинар тақырыбына сай дәріс оқып,жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, әр үйым өздерінің жұмыс барысымен таныстырып өтті.

Семинар-тренинг қатысушыларына ұйымдастырушылардың атынан арнайы сертификаттар табыс етілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша қалалық фронт-кеңсесі жұмыс жасайды. Қаладағы 10-нан астам волонтерлік ұйымдармен, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 30-ға жуық волонтерлік топтармен тығыз жұмыс атқарады. Оларда тұрақты түрде 4000-нан астам белсенді еріктілер жұмыс жасайды.

Аталған волонтерлік ұйымдармен волонтерлік топтармен «Жанға жылу» акциясы аясында қаладағы аз қамтамасыз етілген 1000-ға жуық отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

«Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, «Харекет» қайырымдылық қоры мен «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қорлары жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен, асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыларға баспана кілтін табыстады.