Заңсыз айналымнан 8 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» пистолеті және оларға оқ-дәрілер алынды
Шымкентте заңсыз қару жасап, оны сатып отырған қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
6 ақпанда Шымкент қ. Әл-Фараби ауданының соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топқа қатысушыларға үкім шығарды.
"К. Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі («Қаруды,
оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және
288-бабы 2-бөлігі («Қаруды заңсыз жасау») бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ю. Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды.
Еске сала кетейік, 2019 жылғы шілдеде ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде көрсетілген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.
Қылмыстық тәсілге сәйкес елестету қаруы (демилитарландырылған, дыбыспен әсер ететін патронмен атуға арналған) Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған.
Заңсыз айналымнан 8 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» пистолеті және оларға оқ-дәрілер алынды. Қаруды түрлендіру бойынша цех жойылды.