Шаһарда бұл мақсатта барлық аудан аумағында зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулаларында заңсыз құрылыс бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шарада Теріскей шағынауданы №49 үй алдында заңсыз тұрғызылған жеңіл конструкциялы құрылыс нысаны анықталды. Тиісті түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде заңсыз деп танылған құрылыс нысаны алынып тасталды.
Шаһарда бұл мақсатта барлық аудан аумағында зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізілуде.