Шымкентте заңсыз жарнама иелеріне ескерту берілді

0
539

8 заңсыз жарнама иесіне ескерту жасалып, 3 жарнама иесіне хабарлама берілді.


Шымкентте заңсыз жарнама иелеріне ескерту берілді

Шымкент қаласы Абай аудан аумағында заңсыз орнатылған жарнамаларды жою мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты.

Рейд барысында Ю.Гагарин көшесі бойындағы заңсыз орнатылған жарнамалар анықталды. Нәтижесінде, 8 заңсыз жарнама иесіне ескерту жасалып, 3 жарнама иесіне хабарлама берілді.
Сонымен қатар, рейдтік топ жарнама иелеріне заңсыздық қайталанған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы яғни, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан жағдайда әкімшілік шара қолданылатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.